Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтауда жылына 2400 бұрандалы сорғы шығаратын зауыт іске қосылды.
Өнім мұнай-газ секторында пайдаланылады. Аталған кәсіпорын бұрандалы сорғымен қатар 600 жетек шығарауға қауқарлы. 100 адам жұмыспен қамтылатын кәсіпорынның құны -5 млн еуродан асады.
Жоба облыстың мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарына өнім өткізуге арналған. Аталған өндірісті іске қосу өңірге жаңа жұмыс орындарын ашуға, импортты алмастыру міндетін шешуге, жергілікті кәсіпорындарды өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірде ашылған зауыттың маңызы зор екеніне тоқталды.
Өңірде экономиканы дамытудың басым бағыттары – өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және жаңартылатын энергетика болып айқындалған. Соңғы бес жылда өңірге 7 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Осы жылдың 5 айында 229 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін шамамен 120 млрд теңгенің 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров.
Алдағы екі жылда кәсіпорын 2400 сорғы мен 600 жетекке дейін өндіруді көздеп отыр. Ал ол тағы 100 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.