Ақтауда браконьерлер 1 млрд теңге шығын келтірген

30 Мамыр 2022, 21:33
1317
Бөлісу:
Ақтауда браконьерлер 1 млрд теңге шығын келтірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда шекарашылар 2 ай бойы заңсыз балық аулағандардың жолын кесті. «Бекіре-2022» шарасы кезінде 130-дан астам браконьер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олардың мемлекетке келтірген шығыны бір млрд теңгеден асады. Құқық бұзушылардан 60 қайық, 300  шақырымнан астам  тор тәркіленген. Браконьерлердің ішінде екі Ресей азаматы бар. 

Олар айыппұл төлеп, еліне қайтарылған. Жалпы шекарашылар акция  аясында ауға шырмалған 700-ден астам бекіре балығын, 5 мыңға жуық ұсақ балықты босатқан. Сондай-ақ Каспий эндемигі – итбалықты да  құтқарған. 

Былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл торға түскен итбалық саны да артқан. Өткен жылы 14-ін, биыл 100-ден астамын құтқарып, теңізге қайта жібердік. Жалпы «Бекіре» акциясы нәтижесінде браконьерлерге мемлекеттің аумағында рұқсатсыз жүргені үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 512-бабының 2-бөлігімен хаттама  толтырылып, 3 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Заңсыз балық аулаушылардан алды алынған залалдың мөлшері 1,1 млрд. теңгеден астам соманы құрады. Ұсталған азаматтардың көбісі Маңғыстау, Атырау облыстарынан, - деді ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша Жағалау күзеті басқармасы бастығының орынбасары Фархад Мирманов.

Өзгелердің жаңалығы