Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтауда бірлескен әскери-теңіз жаттығулары басталды

17 Маусым 2025, 15:06
420
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің "Каспий самалы-2025" бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған екі мемлекеттің қолбасшылығы мен әскери қызметшілері қатысты. Дәстүр бойынша іс-шара әскери оркестрдің мемлекеттік әнұрандарды орындауы мен екі елдің туларын көтеруден басталды.

Ақтауда бірлескен әскери-теңіз жаттығулары басталды

Әскери контингенттерді Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков және Әзербайжан Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Теймур Муршудов құттықтады.

Бірлескен оқу-жаттығулар теңіз экономикалық қызметі нысандарының, Әскери-теңіз күштері мен кеме қатынасы пунктерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

1 дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атап өткендей, оқу-жаттығулар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.

Іс-шара шағын футбол, армрестлинг, арқан тарту және жүзу жарыстарымен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы