Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтауда базар өртенді

Бүгiн, 17:20
137
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

12 желтоқсан күні сағат 16:15-де Ақтау қаласы, 28А шағынауданында орналасқан “РИД” СК ЖШС базары жанып жатыр деген хабарлама 112 пультіне келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына 2-шақырту бойынша күштер мен құралдар жұмылдырылды. Барған кезде 105, 106, 107 бутиктерінің жануы анықталды.

Өрт 16:27-де локализацияланып, 16:34-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖД тарапынан 35 қызметкер және 8 техника жұмыс атқаруда. Өрттің шығу себебін Ақтау қаласы ТЖБ анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Оралдағы пәтерлердің бірінде жойқын жарылыс болды.

Өзгелердің жаңалығы