Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыстан табылды

23 Қыркүйек 2024, 07:39
2283
Бөлісу:
Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыстан табылды
Фото: архив

Ақтаудағы 3-шағын ауданда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыс контейнерлерінің жанынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lada.kz-тің жазуы бойынша, оның денесі бұзылып, әбден ісіп, қарайып кеткен.

Әлеуметтік желіде аралас жекпе-жек шебері Вусал Джафаровтың суреті тарады. Полиция департаменті мәйіттің 20 қыркүйекте табылғанын растады.

Ер адамның мәйітін табу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жалғасып жатыр, - деп жауап берді департамент.

Әлеуметтік желі қолданушылары Вусал Джафаровты ұрып-соғып, денесі бірнеше күн көшеде жатып қалғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы