Ақтауда 500 орындық жатақхана пайдалануға беріледі

16 Наурыз 2023, 16:05
533
Бөлісу:
Ақтауда 500 орындық жатақхана пайдалануға беріледі
Фото: автордан

Студенттік жатақхана Ақтау қаласының 17-шағын ауданында ашылады. 500 орындық жатақхана 5 қабатты, 3 блоктан тұрады, жалпы ауданы - 10 732 м2, деп жазады Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.

Студенттердің баспана мәселесін шешу мақсатында 17-шағын ауданнан жатақхана салдық. Аталған ғимарат жайлы өмір сүруге қажетті жиһазбен, қүралдармен және бөлмелермен қамтылған. Жастарды елдің болашағы дейміз, сондықтан олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау - басты назарда–, деді қала әкімі Ербол Ізбергенов.

Жатақханада 2 және 3 жатын орындық бөлмелер, киім жуу бөлмесі, медициналық пункт, буфет, оқу залы, жиналыс бөлмесі бар. Әр жатын бөлме тумба, үстел, шкаф, орындықтармен және төсекпен қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы