Премьер-министр Әлихан Смайылов "Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру туралы" үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін. Қазақстанның көлік, ұлттық экономика, қаржы министрліктері ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын, - делінген Смайылов қол қойған қаулыда.
Құжат 21 қыркүйектен бастап күшіне енді.