Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтау мен Атырауда әуе рейстері кешігіп жатыр

Бүгiн, 12:25
158
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Air Astana әуе рейстерінің кешігіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Air Astana тобының мәліметінше, Ақтау мен Атырауға қатынайтын және осы қалалардан ұшатын рейстер қолайсыз ауа райына байланысты кешігуде. Бұған аталған қалаларда ұшақтарға мұздануға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізудің мүмкін болмауы себеп болып отыр.

Жолаушыларға әуежайға жолға шығар алдында рейс мәртебесін компанияның ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан нақтылап алу ұсынылады.

Рейс мәртебесі туралы ақпарат алу үшін келесі байланыс арналарына жүгінуге болады:

Air Astana

Рейстер кешіккен жағдайда байланыс орталығы: +7 7272 44 44 78

WhatsApp: +7 702 702 00 74

Онлайн чат: airastana.com

FlyArystan

WhatsApp: +7 702 702 02 27

Live-chat: FlyArystan қосымшасы / flyarystan.com

Телефон: +7 727 331 10 10 (08:00–20:00)

Өзгелердің жаңалығы