Биыл 25 мамырда Ақтаудың бітіруші түлектері үшін мектеп қоңырауы соғылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Лада агенттігіне сілтеме жасап.
Дәстүрлі түрде 25 мамырда мектептерде өтетін салтанатты іс-шара биыл өткізілмейді.
Қалалық білім бөлімі 2024 жылы оқу жылы 24 мамырда аяқталатынын хабарлады. Бұл күні мектептерде мұғалімдер сынып сағаттарын өткізеді.
Соңғы қоңырау болмайды. Министрлік осылай шешім қабылдады. 12-15 маусым аралығында аттестаттар беріледі,- делінген жазбада.