Ақтау маңында көлік 6 жастағы баланы қағып кетті

Қазір бала дәрігерлердің бақылауында, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

 ©BAQ.KZ архиві/ Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 18:17
Бүгiн 2026, 18:17
183
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Артем Чурсинов

Жол-көлік оқиғасы 7 мамыр күні күндіз Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның алдын ала мәліметінше, 1997 жылы туған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі 6 жастағы баланы қағып кеткен. Бала реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқан.

Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем бригадасы жеткен. Зардап шеккен бала Ақтаудағы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, балаға оң жақ жамбас сүйегі мойнының ығысқан жабық сынуы диагнозы қойылған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында және қажетті ем қабылдап жатыр.

Көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Наверх