Ақтас 2022 жылдың соңында табиғи газбен қамтылады – Шымкент

23 Ақпан 2022, 03:43
2395
Бөлісу:
Ақтас 2022 жылдың соңында табиғи газбен қамтылады – Шымкент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай ауданына қарасты Ақтас шағын ауданы 437,1 гектер аумаққа орналасқан. Табиғи газбен қамту үшін бүгінде құрылыс жұмыстарын «Ремстрой» ЖШС жүргізуде, деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты.  

Аталмыш фирма газды пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың соңына жоспарлап отыр. 

Қазір онда 2 578 отбасы мекендейді. Елді мекенде жайлы ортаны қалыптастыру және инжинерлік инфрақұрылыммен қамту бағыты қала әкімінің бақылауында. Шағын аудан ауыз сумен толық қамтылған. 100% мемлекеттік жүйедегі сапалы электр тартылған. 

18 көше бар. Оның 3-і асфальт, 10 тас жол, және 5-і топырақ жол.

2021 жылы 2,8 шақырымға шағал тас төселген. 

Биыл атауы жоқ №3 және 4 көше орташа жөндеуден өтеді. 2021 жылы 1 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Қазір №147 бағыттағы қоғамдық көлік қатынайды. 

 

Өзгелердің жаңалығы