Ақсуда банк қызметкері суға батып бара жатқан екі қызды құтқарды

24 Шілде 2022, 13:59
1145
Бөлісу:
Ақсуда банк қызметкері суға батып бара жатқан екі қызды құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 шілде күні Ақсу қаласының 30 жастағы тұрғыны Дәурен Үсенов отбасымен бірге қалалық жағажайда демалған.

Ер адам өз әрекетін ерлік деп санамайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

 Бұл жағдай өткен жексенбіде түстен кейін болды, — деп еске алады Дәурен Үсенов. - Қызым екеуміз жағаға шықтық, ол құмда ойнап отырған, мен жақын жерде тұрдым. Қайтадан  шомылғым келмеді, үстімді кептірген соң киініп алдым.

Жігіт кенеттен қоршалған қауіпсіз шомылу аймағынан тыс жерде екі қыздың тұрғанын көрген. Оларға жақын тұста әйел адам баласын үрлемелі төсеніште тербеп отырған. Қыздар суда ойнап жүрген. Бір сәтте олар жоғалып кетіп, кенеттен  біреуі «Көмектес!» деп айқайлаған.

Дәурен бастапқыда балалар ойнап жатыр деп ойлаған, бірақ әйел мен бала да көмек сұрағанын естіген соң қыздарға қарай жүгірген.

Бір кезде қыздар көрінбей кетті,   бұған дейін олардың төбелері көрініп тұрған, - дейді Ақсу тұрғыны. — Телефон, көзілдірік және бас киімді құмға тастап, сүңгіп кетіп, балаларды  суырып алып шықтым, -деді ол. 

Сол маңда болған бірнеше адам  көмек керек пе екені жайлы сұрап жүгірген. 

Дәурен Үсенов ерлік жасадым деп есептемейді. Оның айтуынша, судың тереңдігі шамамен бір жарым метр болған, сондықтан өз өмірін қатерге тіктім деп ойламайды.

Әрине, балалар үшін мұндай тереңдік суға батып кету үшін жеткілікті, - дейді қала тұрғыны. — Оларға жүгіріп бара жатқан кезде қыздар есінен танып қалған шығар деп қорықтым, - дейді ол. 

Дегенмен қыздар тек су жұтып қойған. 

Дәурен Үсенов бірнеше күн бойы күйзелісте жүрген.

Қыздардың үлкені менің балаларым сияқты қатты құшақтап,  алғыс білдірді, - деп еске алады жігіт. - Мен сияқты екеуі де шошып, қатты дірілдеп тұрды.  Егер де ешкім әрекет етпесе, сол сәтте олардың денесі құтқарушылардың алдына жүзіп барар ма еді деп қатты уайымдадым.

Дәурен балалардың ата-аналары қайда болғанын сол күйі түсінбеген. Қыздар алғыс айтып, жүгіріп кеткен.  Оның айтуынша, қыздардың үлкені   шамамен екінші сынып оқушысы, ал кішісі бес жаста. 

Жас жігіт бұл оқиғаға байланысты қыздарды ата-аналары ұрғанын қаламайды. Оның пікірінше, балалар қазірдің өзінде үлкен сабақ алды.

 Егер қыздар тереңірек болса, мен өз өміріме қауіп төндірсем де оларды құтқару үшін барлығын жасар едім, — дейді Дәурен Үсенов.

Ер адам облыс орталығындағы банктердің бірінде жұмыс істейді.  Екі баланың әкесі.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде күні Ақтоғай ауданы Приреченск ауылында 33 жастағы Андрей Карандашов үш баланы құтқарған болатын.  

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов оған ерлігі үшін  алғыс айтып, туған ауылынан тұрғын үйдің кілтін табыстады. Сонымен қатар «Суда батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. 

Өзгелердің жаңалығы