Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан мұржаның бір бөлігі құлады

Нысанға соңғы техникалық тексеру 2023 жылы жүргізілген.

 instagram.com/aksuzavod 11 Наурыз 2026, 08:11
11 Наурыз 2026, 08:11
222
Фото: instagram.com/aksuzavod

Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытында дауыл салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі құлап түсті. Оқиға кәсіпорын аумағындағы №1 балқыту цехында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын мәліметінше, №15 пештің түтін мұржасының бір бөлігі қатты желдің әсерінен құлаған. Зардап шеккендер жоқ, ал оқиға өндірістік үдеріске айтарлықтай әсер етпеген.

Қазхром компаниясының хабарлауынша, негізгі технологиялық процестер қалыпты режимде жалғасып жатыр. Нысанға соңғы техникалық тексеру 2023 жылы жүргізілген.

Қазіргі уақытта кәсіпорында қолайсыз ауа райына байланысты жедел штаб құрылып, жауапты қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылған. Мамандар нысанның жағдайын бақылап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Наверх