Ақшолақов Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

20 Тамыз 2022, 15:36
996
Бөлісу:
Ақшолақов Ақтөбе облысының  тұрғындарымен кездесу өткізді

20 тамызда Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу барысында Болат Ақшолақов осы өңірдің отын-энергетикалық кешенінің ағымдағы жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы мұнай өндіру көлемі бойынша 4-ші мұнай өндіруші өңір болып табылады, оның үлесіне ел бойынша мұнай өндірудің жалпы көлемінің 6% - ы тиесілі.

Өңірде мұнай өндіруді 17 компания жүзеге асырады.

Облыс бойынша мұнай өндіруші және мұнай сервистік компанияларда барлығы 23 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл өңірдің барлық еңбекке қабілетті халқының 6%-ы.

Өңірде 45 кен орны бар, 48 келісімшарт жасалды, оның ішінде барлауға – 8, барлау мен өндіруге – 23, өндіруге – 17 келісімшарт. Өндірілетін мұнай қоры шамамен 225 млн тоннаны, ал газ қоры (еркін газ және газ бүркеуіндегі газ) 103 млрд м3-ден астам.

2022 жылы Ақтөбе және онымен шекаралас Атырау және Қызылорда облыстарында орналасқан 5 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілді. 

Болат Ақшолақов өз сөзінде 2022 жылғы шілдеде Министрліктің бұйрығымен АИ-80, 92-93 бензиндерін бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ дизель отынына шекті бағаларды мемлекеттік реттеу сақталды.

Газдандыру деңгейі бойынша Болат Ақшолақов Ақтөбе облысы ел бойынша жоғары өңірлердің бірі болып табылатынын және 92,7%-ды (01.01.2022ж. жағдай бойынша) немесе шамамен 840,7 мың адамның табиғи газға қол жеткізгенін атап өтті.

Энергетика министрлігі газдың шекті көтерме сауда бағасын бекітеді, ал соңғы бағаны Ұлттық экономика министрлігі бекітеді, ол бүгінгі күні Ақтөбе облысы үшін 1 текше метр үшін 11,57 теңгені, ал атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 9,26 теңгені құрайды, - деп атап өтті өз сөзінде Болат Ақшолақов.

2022 жылы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы аясында 18 жобаны жүзеге асыруға 6,8 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 14 елді мекенді немесе 9,6 мың адамды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Энергетика министрлігінің басшысы сондай-ақ өңірдің газ тасымалдау жүйесі құрылысының жобаларын айтты.

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласын өз мүмкіндіктері шегінде жұмыс істейтін 2 магистральдық газ құбыры – «Жаңажол-Ақтөбе» және «Бұхара-Орал»  газбен қамтамасыз етеді. 

Үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ газға деген өсіп келе жатқан қажеттілікті жабу мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырынан «Ақтөбе қаласында магистральдық газ бұру құбырының 3-ші желісін салу» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі, жобаның жалпы құны - 43,4 млрд теңге.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде облыс әкімдігі 34,5 млрд теңге сомасына өтінім берді. Аталған бюджеттік өтінім қаралып, бюджеттік заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігіне жолданды.

Өзгелердің жаңалығы