"Желмая" жобасында дін, дәстүр және зайырлы қоғам тақырыптары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дінтанушы, қоғам қайраткері әрі Ұлттық құрылтай мүшесі Қайрат Жолдыбайұлы қазіргі діни ахуалға тоқталып, әлеуметтік желідегі уағыздарға рұқсат беру, діни құндылықтарды қорғау және дін мамандарының кітаптарын еркін сатуға мүмкіндік беру туралы ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, дін мен дәстүрдің үйлесімділігі, зайырлы қоғамдағы діннің рөлі және жасанды интеллектінің діни сауаты жайлы ой қозғалды.
Заманауи өмір мен діни құндылықтарды қалай үйлестіруге болады? Діни сұрақтарда көп талас туындайды. Осы пікірталастарды өркениетті түрде жүргізу үшін не істеу керек?
Осы және өзге де сұрақтарға дінтанушы, қоғам қайраткері әрі Ұлттық құрылтай мүшесі Қайрат Жолдыбайұлы жауап береді.
Айта кетейік, "Желмая" жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады.
Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.