АҚШ студенті қазақстандық оқушылардың алғырлығына таңғалды

31 Қаңтар 2019, 18:40
2353
Бөлісу:
АҚШ студенті қазақстандық оқушылардың алғырлығына таңғалды
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Массачусетс технологиялық институты (MIT) магистранттары Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі өндірістік тәжірибесін аяқтады.

Шетелдік студенттердің өндірістік тәжірибесі MISTI Kazakhstan Global Teaching Labs жобасы аясында өтті. 

Жоба студенттердің жаратылыстану - математика пәні бойынша білімін тереңдетуге, теориялық білімді практика жүзінде қолдана білуге, салыстырмалы ойлау қабілетін арттыруға бағытталған.

Биыл MIT студенттері Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Семей қалаларындағы мектептерде тағылымдамадан өтті. Тіпті, олар қазақтың мәдениеті және дәстүрімен терең танысу үшін жергілікті жердегі отбасымен бірге тұрған.

Тағылымдама барысында студенттер оқушыларға физика, математика, информатика, химия пәндері бойынша сабақ берді.

Массачусетс студенттері Астананың әсем архитектурасынан, Алматының көз тартар табиғатынан, көне Түркістан қаласының тарихынан алған әсерлерін жасыра алмады. 

«Астанада күн суық болса да сәулетінің сұлулығы тұла бойыңды жылтып жібереді екен. Зияткерлік мектеп оқушылары үш тілде еркін сөйлейді. Америкалық балалармен салыстырғанда жоғары сыныптар арналған күрделі бағдарламаны еркін игерулері мені таңқалдырды», – дейді Эшли Уонг.

АҚШ студенті қазақстандық оқушылардың алғырлығына таңғалды

Ал Алматыдағы химия-биология бағытындағы мектепте физикадан сабақ берген Ханна Дил еліміздің әсем табиғатына сүйгенін айтты.

«Алматының әсем табиғатына, әсіресе, Іле Алатауына ғашықпын. Медеуде сырғанақ тептік. Байқоңырды көруді армандаушы едім, ол арманым да орындалды», - деді MIT студенті.

Сондай-ақ америкалық студент Кристофер Вомак қазақстандық оқушылардың білімге деген құштарлығына қайран қалғанын айтты.

«Әріптесім Саранеш Прембабу екеуміз мектепке деген таңдасымызды жасыра алмаймыз. Оқушылар да жаңа нәрсені білуге құштар. Зияткерлік мектеп оқушылары ақылды, оқуға деген ынтасы зор. Балаларға сабақ үйреткеніме қуаныштымын», - деді ол.

АҚШ студенті қазақстандық оқушылардың алғырлығына таңғалды

Сонымен қатар студенттер бос уақыттарында тігін тігіп, атқа мініп, шаңғы теуіп саяхат жасады. 

Айта кетейік, MISTI Kazakhstan Global Teaching Labs жобасы алғаш рет 2017 жылы Қарағандыда басталып, оң нәтиже көрсеткен.

Дәурен Ерболат

Өзгелердің жаңалығы