АҚШ заңсыз мигранттарды тіркейтін арнайы тізілім жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы «Известия» басылымы жазды.
Елдегі заңсыз иммигранттар, оның ішінде 14 жастан асқан балалар тіркелу үшін саусақ іздері мен үй мекенжайларын ұсынуы керек.
Бұл талапты орындамаған мигранттар 5 мың долларға дейін айыппұл төлейді немесе алты айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тіркеу құрылғаннан кейін заңсыз иммигранттарға өздері туралы ақпарат беруге 30 күн беріледі. Бұрын АҚШ-та заңсыз болғаны үшін адамды тек қамауға алып, депортациялаған.
Трамп әкімшілігі бұған дейін Иммиграция және Кеден органдарына шекараны ата-анасының қамқорлығынсыз кесіп өткен мигрант балаларды іздеп, депортациялауды тапсырған.