АҚШ венесуэлалық мұнайды Техасқа тасымалдап жатыр

АҚШ Венесуэла мұнайын өз бақылауына алды.

 ©Eli Hartman/Reuters Бүгiн 2026, 20:45
Бүгiн 2026, 20:45
201
Фото: ©Eli Hartman/Reuters

АҚШ Венесуэла мұнайын өз бақылауына алып, оны Техас штатына жөнелтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ президенті Дональд Трамп KIII 3 News телеарнасына берген сұхбатында Вашингтон мұнайға бақылау орнатқанын айтты.

Бірнеше ай бұрын біз Венесуэлаға шабуыл жасадық, ол өте сәтті өтті. Біз мұнайды бақылауға алдық, Венесуэла өкілдерімен және ел президентінің уәкілетті тұлғасымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мұнай Техасқа жеткізіліп жатыр, - деді ол.

Еске салайық, 24 ақпанда АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы мен Сенат алдында "Елдегі жағдай туралы" жыл сайынғы жолдауын жариялаған кезде америкалық көшбасшы Венесуэла АҚШ-қа әлемдік нарықта сату үшін 80 млн баррель мұнай бергенін мәлімдеген еді.

Наверх