АҚШ билігі жақын арада Венесуэлада өз дипломатиялық қатысуын қайта қалпына келтіруді көздеп отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінде өткен тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рубионың айтуынша, бұл қадам Вашингтонға елдегі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға және уақытша билік өкілдерімен қатар азаматтық қоғаммен және оппозициямен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ол Венесуэлада жеке инвестицияларға, әсіресе мұнай саласына қойылған шектеулерді жеңілдететін жаңа заң қабылданғанын атап өтті. Бұдан бөлек, елде саяси тұтқындарды босату үдерісі басталған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 200-ге жуық адам бостандыққа шыққан.
АҚШ мемлекеттік хатшысы бұл процесс баяу жүріп жатқанын, алайда жалғасып жатқанын айтты.