АҚШ Венесуэлаға қарсы жасырын операцияларды күшейтті

АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық барлау басқармасына Венесуэла аумағында жасырын операциялар жүргізуге рұқсат берген. Бұл туралы The New York Times газеті америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay 16 Қазан 2025 2025, 03:40
16 Қазан 2025 2025, 03:40
680
Фото: pixabay

АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық барлау басқармасына Венесуэла аумағында жасырын операциялар жүргізуге рұқсат берген. Бұл туралы The New York Times газеті америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылым мәліметінше, бұл шешім Николас Мадуро үкіметіне қысым көрсету және оны биліктен кетіруге бағытталған кең ауқымды науқанның бір бөлігі болған.

Ақпарат көздері бұл рұқсат АҚШ әскери құрылымдары Венесуэла аумағындағы ықтимал әскери соққыларды қарастырып жатқан кезде берілгенін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, Вашингтонның мұндай қадамы Латын Америкасындағы саяси ахуалды одан әрі шиеленістіріп, аймақтағы АҚШ-қа деген сенім деңгейін төмендетуі мүмкін.

Наверх