АҚШ 2026 қаржы жылында Коалицияны қолдау қоры мен Қауіпсіздікке жәрдемдесу бастамасы аясында Украинаға жұмсалатын шығынды қысқартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет әуе күштері генералы Дэн Кейнмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Атап айтқанда, екі қор қысқартылды – Коалицияны қолдау қоры және Украинадағы қауіпсіздікке жәрдемдесу бастамасы, – деп мәлімдеді брифингте.
25 маусымда Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Еуроодақ елдері АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа қызығушылығын жоғалтпау үшін күш салып жатқанын айтты. Оның айтуынша, бұл жай ғана аймақтық қақтығыс емес, еуроатлантикалық кеңістіктің қауіпсіздігі.
Писториус АҚШ-тың қолдауы әскери көмектің ауқымы үшін ғана емес, сонымен қатар НАТО серіктестеріне сигнал ретінде де маңызды екенін атап өтті.