АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртеніп жатыр

3 Маусым 2024, 18:49
313
Бөлісу:
АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртеніп жатыр

Осы уақытқа дейін қызыл жалын 4 мың гектардан астам алқапты шарпып үлгерген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандар аймақтағы аптап пен желдің күшеюі себепті өртті сөндіре алмай жатыр. Лаулаған отпен арпалыс кезінде 2 адам зардап шеккен. 

Қазір қауіпті аймақтағы тұрғындар жаппай көшіріліп жатыр. Оларды жайғастыру үшін бірнеше орталық ашылған. Мамандардың болжамы бойынша желдің кесірінен Калифорниядағы өрт алдағы күндері одан сайын өрши түседі.

Өрт жылдам тарап жатыр. Осы уақытқа дейін тек 10%-і ғана бақылауға алынды. Қатты жел мен құрғақ ауа райы отты сөндіруге айтарлықтай кедергі келтіріп жатыр, - дейді өрт сөндіру департаментінің басшысы Джош Сильвейра.

Өзгелердің жаңалығы