АҚШ-та кейінгі 10 жылда болмаған үскірік аяз болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамы бойынша елдің орталығында ауа температурасы 46 градусқа дейін төмендейді. Индиана мен Канзаста қалың қар жауып, Иллинойс, Кентукки, Арканзас пен Миссисипиде ұйытқыған боран соғады.
Қазірдің өзінде кей өңірлерде жол учаскелері жабық тұр. Әуе компанияларының жұмысында іркіліс пайда болған.