АҚШ Таяу Шығысқа тағы 10 мыңға жуық әскер жіберуі мүмкін

Бұған дейін өңірге 5 мың теңіз жаяу әскері мен бірнеше мың десантшы жіберілген.

 Kacper Pempel / Reuters Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
146
Фото: Kacper Pempel / Reuters

АҚШ Қорғаныс министрлігі Таяу Шығысқа шамамен 10 мыңға жуық әскери қызметкер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп  хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, аймақтағы әскери топты күшейту жоспары жаяу әскер мен бронетехниканы қамтуы мүмкін. Бұған дейін өңірге 5 мың теңіз жаяу әскері мен бірнеше мың десантшы жіберілген.

Бұл шешім АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер жүріп жатқан кезеңде қарастырылып отыр.

Наверх