АҚШ-тан Қазақстанға құрамында психотроптық зат бар вейп әкелмек болған

27 Ақпан 2024, 12:44
572
Бөлісу:
АҚШ-тан Қазақстанға құрамында психотроптық зат бар вейп әкелмек болған
VIDEO
Фото: скрин

Психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен "Жетісу" кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді.

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.

Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚПК 201-бабы тәртібінде, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы