АҚШ-тың 47 штаты мен үш аймақтың бас прокурорлары сайлау нәтижесі қандай болса да, оны сабырмен қабылдауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз сайлау нәтижелеріне байланысты кез-келген зорлық-зомбылық әрекеттерін айыптаймыз, - делінген үндеуде. – Биліктің бейбіт түрде берілуі – ел тұрақтылығының негізінде жатқан заң үстемдігінің және дәстүрінің дәлелі. Бас прокурор ретінде біз қоғамды қорғауға және демократиялық қағидаттарды сақтауға қатысты міндеттемелерімізді растаймыз, - деп көрсетілген құжатта.
Оған тек Индиана, Монтана және Техас штаттарының бас прокурорлары қол қоймаған.
Айта кетейік, Мичиган шенеуніктері: «штат аумағында шеру өтуі мүмкін» деп қауіп білдірген.
Және басқа да штаттарда шағын қақтығыстардың туындау мүмкіндігі бар, – деп хабарлады The Washington Post газеті Мичиганның мемлекеттік хатшысы Джоселин Бенсонның сөзіне сілтеме жасап.