Fox News арнасының мәліметінше, АҚШ-тағы президент сайлауында Республикалық партияның өкілі Дональд Трамп таңдаушылардың 277 дауысын жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ал Демократиялық партияның өкілі Камала Харрис әзірге 226 дауыс жинады.
ВВС ақпаратынша, Дональд Трамптың Флоридадағы штаб-пәтерінде республикалық кандидаттың жақтастары жеңісті тойлауды бастап кеткен. Жақын арада Трамптың өзі де халық алдына шығып, сөз сөйлейді.
Айта кетейік, Трамп сайлаушылары "тербеліп тұрған" 7 штатта да жеңіске жетті. Дегенмен дауыстарды санау әлі ресми түрде аяқталған жоқ.
Қалай болғанда да бұл сайлау АҚШ үшін тарихи болмақ. Себебі 78 жастағы Трамп сайланған жағдайда инаугурация кезіндегі ең қарт президент және қылмыстық жауапкершілікке тартылған бірінші мемлекет басшысы болмақ.
Ал егер сайлауда 60 жастағы Харрис жеңсе, АҚШ басшысы ретіндегі алғашқы әйел, екінші қара нәсілді әрі тегі Оңтүстік Азиядан шыққан алғашқы президент болады.