АҚШ тағы 198 венесуэлалық мигрантты депортациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Репатриациялық рейс ел астанасы Каракастан 20 шақырым жерде орналасқан халықаралық әуежайға қонды. Билік Мексикадан келген 313 венесуэлалықты да қабылдады.
Еске салайық, репатриация рейстері АҚШ-тың иммиграциялық саясатын қатайту аясында жүзеге асырылуда. Президент Дональд Трамп әкімшілігі мигранттарды қылмыскер деп атап, көптеген венесуэлалықтарды қылмыстық топтарға қатысы бар деп айыптады.
Венесуэла билігі АҚШ-тың әрекетіне наразылығын білдіріп, өз азаматтарының қатыгездікке ұшырап жатқанын айтты. Жалпы, ресми мәлімет бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп инаугурацияланғалы бері 1800-ден астам венесуэлалық отанына оралды.