АҚШ-тың екі штатында құс тұмауы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Осыған байланысты жұмыртқа өндірумен айналысатын елдегі ең ірі компания уақытша жұмысын тоқтатып, 2 миллион тауықтың көзін жойды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әу баста аталған инфекция Техас тұрғынынан анықталған.
Ол сиыр өсірумен айналысатын шаруа қожалығында болған. Ірі қара мал арасында құс тұмауы тарағанын, Американың денсаулық сақтау министрлігі де растады.