АҚШ-тың Кентукки штаты, Луисвилл қаласының орталығында болған жаппай атыс салдарынан кемінде бес адам, соның ішінде оқ атқан адам қаза тауып, тағы сегізі жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жараланғандар ішінде екі полиция қызметкері бар. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жетіп, жаппай атыс үстінен түскен. Луисвилл полиция басқармасының Twitter-де жариялаған хабарламасында оқиға Ист-Мейн көшесіндегі ескі Ұлттық банк ғимаратында болғаны айтылған. Жергілікті тұрғындардан бұл аймақтан алысырақ жүруге кеңес берілген.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда қару-жарақ дауысы естіледі.