АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы әуежайда JetBlue әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 жолаушылар ұшағы койотпен соқтығысып, рейс уақытша тоқтатылды. Бұл туралы BAQ.KZ CBS News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 24 наурыз күні болған. Ұшу-қону жолағында жануармен соқтығысқаннан кейін ұшақ әуеге көтерілгенімен, экипаж ықтимал зақымдарды тексеру үшін әуежайға қайту туралы шешім қабылдаған. Жолаушылардың бірі Эрин Дрозданың айтуынша, ұшақ аспанда 10–15 минут болған.
Содан кейін ұшқыш байланысқа шығып: “Бұл экипаж. Біреу қатты соққы дыбысын естіді ме? Біз койотпен соқтығыстық”, – деді, – деп бөлісті жолаушы.
Оның айтуынша, әуежайда ұшақты жедел жәрдем қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен полиция қарсы алған. Олар ешкімнің зардап шекпегеніне көз жеткізгеннен кейін жолаушылар ұшақтан түсіріліп, техникалық тексеріс жүргізілген. Кейін әуе кемесі Нью-Йоркке сәтті ұшып кеткен