АҚШ-тың Луизиана штатындағы Жаңа Орлеан қаласында Миссисипи өзенінде танкер тоқтап тұрған круиздік кемемен соқтығысты. Оқиға салдарынан кеме аударылып, жолаушыларды құтқару операциясы жүргізілді.
Жергілікті биліктің мәліметінше, круиздік кемедегі барлық жолаушының есебі анықталған. Қазіргі ақпарат бойынша, 32 адам ауруханаға жеткізілген, олардың ешқайсысының жағдайы ауыр емес. Құтқарушылар кеме әлі жүзіп тұрған кезде 87 адамды эвакуациялап үлгерген. Қалған жолаушыларды судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізуге шамамен 30–45 минут кеткен.
Құтқару жұмыстарына буксирлер, полиция қайықтары мен өрт сөндіру кемелері жұмылдырылған. Оқиға кезінде өзендегі ағыс қатты болмағанымен, судың температурасы төмен болған.
АҚШ жағалау күзетінің өкілі апатқа кеменің басқару жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін екенін айтты. Алайда нақты себебі әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиғадан кейін Миссисипи өзеніндегі кеме қатынасы уақытша тоқтатылды. Билік алдымен өзендегі қозғалысты бір бағытта қайта ашуды жоспарлап отыр.