АҚШ-та су тасқыны мен торнадо салдарынан ондаған адам қайтыс болды

6 Сәуір 2025, 08:58
912
Бөлісу:
АҚШ-та су тасқыны мен торнадо салдарынан ондаған адам қайтыс болды
Фото: Фото: ABC News

АҚШ-та су тасқыны мен торнадо салдарынан кем дегенде 12 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«2 сәуір, сәрсенбіден бастап ауа-райының қолайсыздығынан кем дегенде 12адамқайтыс болды, оның ішінде Кентуккидегі тоғыз жасар бала бар. Оны аялдамаға бара жатқанда су ағынымен алып кеткен. Сонымен қатар Теннессидің оңтүстік-батысындағы Селмер қаласында қуатты EF-3 торндасынан кейін бірнеше адам қаза тапты», - делінген ABC News материалында.

Қазіргі уақытта Мемфис штатында қатты су тасқыны қаупі, сондай-ақ Техаста торнадо қаупі жоғары.

Өзгелердің жаңалығы