АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық конькишілер күміс жүлдегер атанды

21 Қаңтар 2024, 17:03
481
Бөлісу:
АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық конькишілер күміс жүлдегер атанды

Командалық спринтте Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы сапында Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кошкин, Никита Важенин мен Артур Галиев (резервте) өнер көрсетті.

Бірінші орынды Канада құрамасы иеленсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея конькишілері түйіндеді.

Айта кетейік, биыл 8 мемлекеттен 80-ге жуық спортшы сынға түсті.

Өзгелердің жаңалығы