АҚШ-та Миссисипи өзенінің суы көтеріліп, оның бойында орналасқан мекендер зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Су тасқыны қаупіне байланысты Висконсин, Айова, Иллинойс штаттарынан тұрғындар эвакуацияланып жатыр.
Айова билігі аймақта осыдан 4 жыл бұрынғы табиғи апат қайталана ма деп алаңдап отыр.
Мамандардың айтуынша, қардың еруінен өзен осыдан 30 жылдай бұрынғы деңгейге дейін көтерілген.