АҚШ-та 1,5 мыңға жуық әуе рейсі кейінге шегерілді

31 Қаңтар 2022, 10:32
1175
Бөлісу:
АҚШ-та 1,5 мыңға жуық әуе рейсі кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың солтүстік-шығысында қалың қар жауып 1 мың 400-дей әуе рейсі кейінге шегерілді, деп жазды Хабар24.

Бостон мен Массачусетс штаттарында қардың қалыңдығы жарты метрден асады. Атлант мұхитынан елдің солтүстігіне қарай соққан дауылға байланысты бірқатар штатта төтенше жағдай жарияланды. 

Кей аудандарда электр желісі істен шығып, ондаған мың тұрғын жарықсыз қалды. Тас жолдарды қар басып, көлік қатынасы қиындаған.
 

Өзгелердің жаңалығы