АҚШ-тың Флорида штатында 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы АҚШ басылымдары жазды. Енді Флоридада балалар әлеуметтік желіде аккаунтын аша алмайды.
Сондай-ақ Facebook, Instagram және TikTok желілерінде 14 жасқа дейінгі балалардың атына бұрын ашылған аккаунттар жойылады. Егер платформа иелері бұл талаптарды орындамаса, үстінен азаматтық шағым түсіріледі, – деп жазылған хабарламада.
Флорида өкілдер палатасының түсіндіруінше, бұл заңды қабылдаудағы мақсат – балаларды зорлықшылардан қорғау және балалардың психикалық денсаулығына әлеуметтік желілердің кері әсерін болдырмау.