АҚШ Мемлекеттік департаменті қауіпсіздік жағдайының ушығуына байланысты Сауд Арабиясы аумағындағы елшілік қызметкерлеріне елден кету туралы бұйрық берді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бұл шешімге Иран тарапынан дрондар мен зымырандардың ықтимал шабуылы, сондай-ақ аймақтағы қарулы қақтығыс қаупінің артуы себеп болған.
АҚШ билігі төтенше жағдайларға қатысы жоқ мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне елден кетуді тапсырды. Сонымен қатар америкалық азаматтарға қауіпсіздік мақсатында Сауд Арабиясына барудан уақытша бас тарту ұсынылды.
Мемлекеттік департамент аймақтағы қауіптерге қарулы қақтығыс, терроризм қаупі, елден шығуға шектеу қойылуы және әлеуметтік желілерді пайдалануға қатысты жергілікті заңдардың қатаң болуы жататынын атап өтті.