Ақ үй АҚШ пен Ресей делегациясының Эр-Риядта өткен техникалық келіссөздерінің нәтижесі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжаттың мәтіні Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған.
АҚШ пен Ресей қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз ету, күш қолдануды болжырмау мен Қара теңізде әскери мақсатта коммерциялық кемелерді қолданудың алдын алу туралы келісті, - делінген мәлімдемеде.
АҚШ Ресейдің ауылшаруашылық өнімдері мен тыңайтқыштарды экспорттау, теңіз сақтандыруының құнын төмендету мен сондай транзакциялар үшін порттар мен төлем жүйелеріне қолжетімділікті жақсарту үшін әлемдік нарыққа қолжетімділігін қалпына келтіруге көмектесеміз деп отыр.
Вашингтон мен Мәскеу АҚШ пен РФ президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин арасындағы "Ресей мен Украинаның энергетикалық нысандары бойынша соққыларға тыйым салу туралы" келісімді іске асыру бойынша шаралар әзірлеуге келісті.
АҚШ пен Ресей берік әрі ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін жұмыс істеуді жалғастырады, - делінген мәтінде.
Еске салайық, 24 наурызда Эр-Риядта Украинадағы шиеленісті реттеуге арналған Ресей мен АҚШ делегациясы келіссөздерді бастаған болатын.