Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Ресей мен Украина даулы мәселелердің 90%-ын реттеді деп санайды

Бүгiн, 04:32
354
Бөлісу:
 flickr/White House
Фото: flickr/White House

АҚШ билігі Ресей мен Украина арасында шиеленісті реттеуге байланысты даулы мәселелердің шамамен 90% шешілді деп санайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Газета.Ru басылымының хабарлауынша, Ақ үй 14-15 желтоқсанда Берлинде өткен АҚШ пен Украина өкілдерінің кездесулеріне баға берді. Оны "шынымен позитивті" деп санайды, ал АҚШ президенті Дональд Трамп аталған жайтқа риза екенін жеткізді.

Сондай-ақ Вашингтон аумақтық мәселелер бойынша түпкілікті шешімді Киев қабылдауы керек деп санайды.

14 желтоқсанда Жоғарғы Раданың Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің мүшесі Федор Вениславский Украинадағы бейбітшілік мүмкіндігі туралы ашық және жабық келіссөздердің нәтижесі Рождествоға дейін белгілі болатынын айтты.

Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа қазір "болашақ бейбіт келісімнің қандай да бір форматы" қажет екенін, оны дайындап Ресеймен келісу керектігін түсініп отыр.

Өзгелердің жаңалығы