АҚШ Қазақстанға су тасқынын алдын ала болжауға көмектеседі

Пилоттық жоба алғаш рет Ақмола облысындағы Жабай өзені алабында іске қосылады.

 primeminister.kz Бүгiн 2026, 10:26
Бүгiн 2026, 10:26
127
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда көктемгі су тасқынын дәлірек болжауға мүмкіндік беретін америкалық технологиялар енгізілмек. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

Жоба аясында министрлік қар жамылғысын әуеден бақылауға маманданған америкалық компаниялармен бірлесіп жұмыс істейді. Арнайы жабдық қар қабатын әуеден сканерлеп, көктемде еріген қар суының көлемін алдын ала есептейді.

Министрліктің мәліметінше, бұл технология су тасқыны қаупін ертерек бағалап, халықты, тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылығы жерлерін қорғау үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба алғаш рет Ақмола облысындағы Жабай өзені алабында іске қосылады. Бұл өңір көктем сайын су тасқыны қаупіне жиі ұшырайтын аймақтардың бірі саналады.

Наверх