АҚШ президенті Иранмен келісім жасалғанын мәлімдеді

Трамптың айтуынша, келісімнің негізгі шарттары Иранның ядролық қару жасауына жол бермеуге бағытталған.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 21:50
Бүгiн 2026, 21:50
189
Фото: depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Францияда өткен баспасөз мәслихатында Иранмен келісімге қол қойылғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макронмен «Үлкен жетілік» саммиті аясындағы кездесуден кейін айтты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Трамптың айтуынша, келісімнің негізгі шарттары Иранның ядролық қару жасауына жол бермеуге бағытталған. Сонымен қатар ол мұнай нарығында бағаның төмендеп, қор нарықтарында өсім байқалғанын атап өтті.

Президент келісімге байланысты ресми қол қою рәсіміне қатысуы мүмкін екенін, бірақ бұл нақты шешілмегенін айтты. Оның сөзінше, құжаттың толық мәтіні жұма күнінен кейін жарияланады.

Трамп Иран өз міндеттемелерін орындағанға дейін санкциялар толық жеңілдетілмейтінін де ескертті. Сондай-ақ ол Ормуз бұғазы жұма күні толық ашылатынын мәлімдеді.

Наверх