Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ пен Украина Берлиндегі келіссөздерде прогреске жетті – Уиткофф

Бүгiн, 02:34
152
Бөлісу:
 Kevin Lamarque / Reuters
Фото: Kevin Lamarque / Reuters

Берлинде өткен келіссөздер барысында Америка Құрама Штаттары мен Украина делегациялары бірқатар маңызды бағыттар бойынша елеулі прогреске жетті. Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тараптар бейбіт реттеуге арналған 20 тармақтан тұратын жоспарды, экономикалық мәселелерді және өзге де өзекті тақырыптарды егжей-тегжейлі талқылаған. 

Айтарлықтай ілгерілеу бар, делегациялар ертең таңертең келіссөздерді жалғастыру үшін қайта кездеседі, – деп жазды Уиткофф X әлеуметтік желісінде.

14 желтоқсанда Берлин қаласында Германия Федеративтік Республикасының канцлер кеңсесінде Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған америкалық және украиндық делегациялардың кездесуі өтті. АҚШ тарапынан келіссөздерге Стивен Уиткоффпен қатар АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы, кәсіпкер Джаред Кушнер қатысты.

Украина делегациясының құрамында президент Владимир Зеленский, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров, сондай-ақ Қарулы күштер Бас штабының бастығы Андрей Гнатов болды. Германия канцлері Фридрих Мерц келіссөздер басталар алдында қысқаша сәлемдесіп, кейін залдан шыққан.

Тараптар 15 желтоқсанда келіссөздерді жалғастырып, Украинадағы жағдайды реттеу жолдарын одан әрі талқылауды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы