АҚШ пен Түркияда Қазақстан елшілігі туды төмен түсірді

29 Қазан 2023, 08:50
651
Бөлісу:
АҚШ пен Түркияда Қазақстан елшілігі туды төмен түсірді
Фото: 24.kz

Қазақстанның шетелдегі елшіліктері жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты ғимараттың төбесіндегі мемлекеттік туды төмен түсірді. 

Қалың елдің қабырғасын қайыстырған қаралы күнде Қазақстанның шет мемлекеттердегі мекемелеріне америкалықтар көңіл айтып жатыр. АҚШ астанасы Вашингтондағы 16-шы көшеде орналасқан Қазақстан Елшілігі байрақты түсіріп, қайғы жұтқан отбасыларға жұбату білдірді.

Түркияда да Қазақстанның туы төмен түсірілді. Анкарадағы Қазақстан елшілігі ғимаратында да мемлекеттік ту төмен түсірілді. Анталия мен Ыстамбұлдағы Бас консулдықтарымыз қара жамылды. Түркі мемлекеттері ұйымы мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы қазақ халқының қайғысына ортақ екендігін білдіріп, арнайы хабарлама жариялады. Шетте жүрген отандастарымыз да Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің ет жақындарына қайғырып көңіл айтып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы