Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ-пен келіссөздерде Тоқаевтың өкілі кім болатыны белгілі болды

Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Қазыхан Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөніндегі келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта Ержан Хозеұлы Қазыхан Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның Женева қаласындағы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін атқарып келеді.

Президент өкіміне сәйкес, ол АҚШ-пен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша келіссөздер жүргізу және Қазақстанның ұстанымын халықаралық деңгейде ілгерілету міндеттерін жүзеге асырады, - делінген ресми хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы