Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катарда өткен кездесуде АҚШ пен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келе алмады.
Бұл туралы ақпаратты Еуропалық одақ өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде жеткізді, деп хабарлады Хабар24.
2015 жылы АҚШ, Қытай және Ұлыбритания келіссөз жүргізіп, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша түпкілікті мәміле жасасуға уағдаласқан еді.
Алайда билікке Дональд Трамп келген соң 2018 жылы Ақ үй аталған келісімнен шығып, Тегеранға қарсы санкциялар енгізді. Бұған қарымта жауап ретінде Иран ядролық қуатын қайта күшейтуді қолға алды.