АҚШ пен Иран келіссөз үстеліне оралуы мүмкін: Швейцария араағайын болуға дайын

Женевада өтуі ықтимал келіссөздерде Иранның ядролық бағдарламасы, санкциялар және бұғаз мәселесі талқылануы мүмкін.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 10:51
Бүгiн 2026, 10:51
155
Фото: pixabay.com

Швейцария АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді өз аумағында өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Швейцария әрдайым өзара мәмілеге келуге бағытталған ізгі қызметін ұсынуға дайын, – деді Швейцария Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мелани Гугельманн ТАСС агенттігінің Женевада келіссөз ұйымдастырылуы мүмкін екені туралы ақпаратқа қатысты сауалына жауап бере отырып.

Гугельманн конфедерацияның «бейбітшілік орнатуға ықпал ететін кез келген дипломатиялық бастаманы қолдауға» әзір екенін айтты.

Сыртқы істер министрлігі үдеріске қатысы бар барлық тараппен байланысын жалғастырып отыр, – деп атап өтті ол.

Бұған дейін Axios порталының дереккөздері Вашингтон мен Тегеран қарулы қақтығысты тоқтатуға қатысты меморандумға қол қоюға жақын қалғанын хабарлаған еді. Олардың мәліметінше, бұғазды ашу, Иранның ядролық бағдарламасын шектеу және АҚШ санкцияларын алып тастау жөніндегі келісімнің егжей-тегжейі бойынша келіссөздер Исламабадта немесе Женевада өтуі мүмкін.

Наверх