Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ пен ЕО Иранмен ядролық келісім бойынша соңғы мерзімді белгіледі

16 Шілде 2025, 08:33
588
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания Иранмен ядролық келісімге келудің шекті мерзімі ретінде 2025 жылдың тамыз айының соңын белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Axios порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен аталған үш еуропалық елдің Сыртқы істер министрлері дүйсенбіде телефон арқылы сөйлесіп, егер белгіленген мерзімге дейін тараптар жаңа келісімге келе алмаса, Иранға қатысты бұрын алынған санкцияларды қайта енгізу тетігін іске қосу жөнінде келісімге келген.

Бұл шаралар 2015 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясында жасалған ядролық келісім (JCPOA) шарттарына сәйкес жүзеге асырылмақ. Яғни, Еуропаның үш мемлекеті санкцияларды автоматты түрде қалпына келтіру механизмін іске қосуды көздеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы