АҚШ Қаржы министрлігі 20 тамызға дейін Аляска саммитіне қажетті барлық қаржылық транзакцияларды санкциялардан босатты. Бұл туралы департамент өз сайтында хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл үшін АҚШ-тың Қаржы министрлігі арнайы лицензия берді.
АҚШ Қазынашылық департаментінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Ресейге қатысты "АҚШ үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы Аляскадағы кездесулерге қатысты транзакцияларға рұқсат беретін" №125 бас лицензия береді, - делінген құжатта.
Онда бұл шара антиресейлік санкциялар аясында бұғатталған бірде-бір активті босатуды көздемейтінін атап көрсетеді.
Еске салайық, АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі 15 тамызда Аляскадағы Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында өтеді.