АҚШ операция басталғалы бері Иранның 65-тен астам кемесін суға батырды

Әскери операция басталғалы бері Иран аумағындағы 6 мыңнан аса нысана соққының астында қалды.

 GLOBAL LOOK PRESS Кеше 2026, 10:16
Кеше 2026, 10:16
134
Фото: GLOBAL LOOK PRESS

Иранның шабуыл жасау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мүмкіндігі 95%-ға төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

АҚШ «Эпикалық қаһар» әскери операциясы басталғалы бері Иранның 65-тен астам әскери кемесін суға батырды және ел аумағындағы 6 мыңнан аса нысанаға соққы жасаған. Бұл туралы BAQ.KZ Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитттің айтуынша, операция басталғалы бері Тегеран тарапынан зымыран ұшыру саны 90%-ға қысқарған. Сонымен қатар Иранның шабуыл кезінде дрондарды қолдану мүмкіндігі 95%-ға азайған.

Наверх